Аудан және ауыл әкімдерінің кезекті тоқсандағы кездесулері жалғасуда

Аудан және ауыл әкімдерінің кезекті тоқсандағы кездесулері жалғасуда

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні аудан басшысы Н.Қызбергенов Қызылжар ауылдық округінің Құрылыс, Жаныс би, Шеңбертал ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар аталған елді мекендер атынан сайланған мәслихат депутаттары О.Нұрмағанбетов пен Ғ.Тапақов өздеріне жүктелген міндеттер мен жұмыстарды баяндады. Ауыл тұрғындары жол қатынасы, құрылыс нысандарының пайдалануға берілуі туралы т.б ауылдың өзекті мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,олардың шешілу жолдарын түсіндірді.