
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2025 жылы өңірде ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15 млрд теңге бөлінді. Көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында оң динамика сақталып отыр.
«Осы жылдың 10 айында 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың басы орташа есеппен 7%-ға өсті. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу аясында «АЙС» сүт-тауар фермасына 2,5%-бен 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Жалпы жоба аясында сүт өндірісі 20 мың тоннаға ұлғайтылмақ. Нәтижесінде, өңірдің өңделген сүтпен қамтамасыз ету деңгейі 90%-ға жетеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарына жалпы 5,9 млрд теңге көлемінде 5% жеңілдетілген несие берілді, 554 мың тонна өнім алынды. «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 16,4 млрд теңгеге 2 883 жоба бойынша несие берілді.
«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында салада оң динамика сақталып отыр. 10 айда шамамен 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді», – деді Асхат Шахаров.
Бұл көлемнің 171,8 млрд теңгесі – мал шаруашылығына, 177,6 млрд теңгесі – өсімдік шаруашылығына тиесілі. Мал басы өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 7%-ға артты. «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2883 жоба мақұлданып, 16,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға айтарлықтай серпін береді», – деп атап өтті өңір басшысы.
Актөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере отырып, 2025 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 15 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. 10 айда 353 млрд теңгенің өнімі өндірілді, мал басы 7%-ға артты. «АЙС» сүт фермасын кеңейту, «Кең дала-2» және «Ауыл Аманаты» бағдарламалары аясында жеңілдетілген несиелер беріліп, жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды.