
18 қараша күні аудан басшысы Н.Қызбергенов Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық ауылдaрының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан және округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ауыл тұрғындары ауылдық округке тартылатын газ мәселесі, санитарлық тазалық мәселелері бойынша ұсыныс - пікірлерін білдірді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп,олардың шешілу жолдарына тоқталды.