
Ағымдағы жылдың 12 қараша күні аудан әкімі Н.Қызбергеновтің Жайсаңбай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары аудан басшылығының және ауыл әкімінің атқарған жұмыстарын тыңдап, алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныс-тілектерін білдірді. Аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың ұсыныс пікірлері ескеріліп, заңдылықтар аясында кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асырылатындығы жеткізілді.