
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні аудан басшысы Н.Қызбергенов Аманкөл ауылдық округінің Аманкөл, Жарма, Құтикөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы және ауылдық округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ауыл тұрғындары жол қатынасы, ауыз су секілді т.б мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,олардың шешілу жолдарын түсіндірді.