Депутат кәлігі табысталды

Депутат кәлігі табысталды

2025 жылдың 26 қазанында №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ырғыз аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлау қорытындысына сәйкес №1 сайлау округі бойынша депутат болып Абылаев Жангелді Нұрланұлы сайланды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы және «Amanat» партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысының қатысумен отырыс өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Итібаев Болат депутаттық куәлігі мен төс белгісін табыстады.