2025 жылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша, бағдарлама іске қосылған сәттен бастап (2024 жылғы 1 ақпаннан бері) уәкілетті операторлар 22,29 млн АҚШ долларына 156 956 өтініш орындады.
Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін өкілетті операторларға аударылды.
🏡 Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін
98 046 өтініш, жалпы сомасы 14,14 млн АҚШ доллары, оның ішінде:
▪️ 13,85 млн доллар – тұрғын үй құрылысы жинақтарын толықтыру (95 786 өтініш)
▪️ 101,44 мың доллар – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарна (755 өтініш)
▪️ 69,88 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алу (553 өтініш)
🎓 Білім алу ақысын төлеу үшін
58 910 өтініш, жалпы сомасы 8,15 млн АҚШ доллары, оның ішінде:
▪️ 7,38 млн доллар – Қазақстандағы оқу орындарына ақы төлеу (52 574 өтініш)
▪️ 527,67 мың доллар – білім жинақтау салымын толықтыру (4 477 өтініш)
▪️ 194,54 мың доллар – шетелдегі оқу ақысын төлеу (1 526 өтініш)
📌 Естеріңізге сала кетейік:
нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы қаражаттың барлығын немесе бір бөлігін пайдалана алады.
Пайдаланылмаған бөлігі нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖШ туралы ақпаратты
БЖЗҚ-дағы жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы қарап,
тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін
онлайн өтініш бере алады.
ℹ️ Толық ақпарат – enpf.kz сайтында.
🎥 Бағдарлама бойынша бейне нұсқаулықты
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көруге болады
Қосымша ақпарат – kids.enpf.kz сайтында.