Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиында әкімшілік құқық бұзушылықтар санының өсуіне талдау жасалды. Бірінші басшылар мен қарамағындағы мемлекеттік қызметшілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселесі, Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігі, мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланатын теріс ақпаратқа тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру керектігін ескертті. Жиын қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырма берілді.