Спорт күніне орай таңғы жаттығу ұйымдастырылды

Спорт күніне орай таңғы жаттығу ұйымдастырылды

Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні атап өтіледі. Мереке күні аудан орталығындағы “Жігер” спорт кешенінде 300-ге жуық ырғыздықтар жиналып, бір мезетте таңғы жаттығу жасады. Шараға зейнеткерлер, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, медицина, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер мен спортшылар қатысты. Қатысушыларға Ырғыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары жетекшілік етті.