eGov Mobile мобильді қосымшасында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметі қолжетімді болды. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында ұсынылатын.
Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған. Өтініш цифрлық форматта қалыптастырылады, ал қажетті деректердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл процесті барынша оңай әрі ыңғайлы етеді. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет.
Қызметті пайдалану үшін:
Қызмет тегін ұсынылады, көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні. Өтінішті қарау нәтижесі «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Егер қайта қабылдануға мүмкіндік болмаса, қолданушы дәлелді бас тарту туралы жауап алады.
Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдану» қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді.
Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.