Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады.
Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады.
270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығынстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:
Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады.
Көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.