Ағымдағы жылдың 20 маусым күні аудан басшысы Н.Қызбергенов Құмтоғай ауылдық округінің Қарасай, Құмтоғай, Қарақұдық ауылдaрының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан және округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ауыл тұрғындары газ тарту мәселесі, жаңа мектептің оқу жылына берілу мүмкіндігі туралы мәселелері бойынша ұсыныс - пікірлерін білдірді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, олардың шешілу жолдарын түсіндірді.