Аудан және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесу барысында аудан басшысы Н.Қызбергенов Қызылжар ауылдық округінің Құрылыс, Жаныс би, Шеңбертал ауылдарының тұрғындарымен кездесу жасады.Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген мәселелерді қозғады.
Мәселен, ауыл тазалығы, мал басын асылдандыру, қауіпті зиянкестерді улау және ауыларалық жолдарды қырғызу, құрылыс жұмыстары т.б. Ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.