Аудан және ауыл әкімдерінің кезекті тоқсандағы кездесулері өткізілуде

Аудан және ауыл әкімдерінің кезекті тоқсандағы кездесулері өткізілуде

Аудан басшысы Н.Қызбергенов Аманкөл ауылдық округінің Аманкөл, Құтикөл, Жарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ауыл тұрғындары жол қатынасы, ауыз су, көгілдір отын тарту, тазалық жұмыстары және т.б ауылдың өзекті мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,олардың шешілу жолдарын түсіндірді.