2025 жылғы 26 қазанда Ырғыз ауданында № 1 сайлау округінде болатын аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 3 кандидат ұсынылды. Оның 1 - саяси партиялар, 2- өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 2 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы- 37жас. Ұсынылған кандидаттардың барлығы 1 этнос өкілдері .
2 кандидаттың жоғары білімі, 1 – арнаулы орта білімі бар.
Кандидаттардың 2 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі- а.ж.30 қыркүйек сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.