Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын.
  2. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 05 маусымнан басталып, 2025 жылғы 17 маусымда сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 22 маусым сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Ырғыз аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                   Б. Итібаев

 

Ырғыз аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д.Қызбергенов

 

Ырғыз ауылы

2025 жылғы 04 маусым

№ 9

Қаулы
Дата публикации
04 июня 2025