Аудан әкімі Н.Қызбергенов және аудан әкімінің орынбасары А.Уәли, Ырғыз ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Қ.Жазимов Нұра ауылдық округінің Нұра ауылына барды.
Арнайы сапар барысында аудан басшысы Т.Жүргенов атындағы ЖББО мектебіне және «Бөбек» бөбекжай бақшасына барып, білім ордаларының қазіргі ахуалымен танысты. Округ орталығында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы Сәдуов Мұраттың шаштаразы және Маратова Мәдинаның қоғамдық тамақтану орталығында болып, бастаған кәсіптерімен танысты. Кәсіп иелерінің бастаған істерінен алдағы жобаның нәтижелі боларына сенімдері мол.
Ауыл орталығынан биылғы жылы бой көтеріп, қолданысқа берілген Нұра ауылдық округі әкімшілік ғимаратын қарап, аудан басшысы мекеменің көгілдір отынмен қамтамасыз етілуін тапсырды.
Одан басқа, әлеуметтік нысандарды аралап, Нұра ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде ауыл тұрғындары аудан басшысына сұрақтары мен өтініштерін білдірді. Аудан әкімі Н.Қызбергенов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Қосымша Ырғыз ауданы полиция бөлімінің бастығы Қ.Жазимов Ырғыз ауданы ПБ-нің 2023 жылы атқарған жұмыстары мен ҚР ІІМ және ПБ басшылығының 2024 жылғы жоспарлары мен нұсқауларын орындау мақсатында есеп берді. Оның ішінде мал ұрлығы, интернет – алаяқтық қылмыстары, кәмелетке толмағандарға қатысты жол – көлік оқиғаларының алдын-алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.