"Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында" атты Ұлы Отан соғысының ардагері Бөлекбаев Сағынайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұрпақтарымен кездесу сағаты өткізілді.

"Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында" атты Ұлы Отан соғысының ардагері Бөлекбаев Сағынайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұрпақтарымен кездесу сағаты өткізілді.
Құтикөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен, Т. Шонанұлы атындағы ЖББОМ мен бірлескен түрде "Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында" атты Ұлы Отан соғысының ардагері Бөлекбаев Сағынайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұрпақтарымен кездесу сағаты өткізілді.
 
Ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Бөлекбаевтар отбасымен сұхбат жүргізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. 
 
Мерекелік іс-шара барасында Аманкөл ауылдық округінің әкімі Спанов Абылай Қайырбекұлы 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтау тілек білдіріп, Бөлекбаевтар әулетін арнайы алғыс хат және  естелік сыйлық табысталды.