Бүгін 11 сәуір 2024 жылы Құтикөл ауылдық модельді кітапханасында "Дін тәрбиенің рухани тірегі" атты тақырыпта рухани кездесу өткізілді. Шараға Ырғыз аудандық мешітінің имамы Идрисов Ғалым Русланұлы, Аманкөл ауылдық округінің бас маманы Әмір Асқарұлы , Аманкөл ауылдық амбулаториясының дәрігері Жаңабек Ақарман Аманбайұлы, жас ұстаздар Рита Оразова, Индира Көшербайқызы, мектеп кітапханашысы Кенжегүл Шүңіреева және ауыл жастары, жасөспірімдер қатысты. Мешіт имамы Ғалым Русланұлы ислам діні-адам баласын тура жолға бастайтын дін екенін түсіндіріп, адамды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, қайырымдылыққа шақырып, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ауыл жастары, кітапханамыздың оқырмандары өз пікірлерін айтты. Аманкөл ауылдық округінің бас маманы Асқарұлы Әмір қорытынды сөз сөйлеп оқырмандарды имандылыққа, діни сауаттылыққа шақырды. Шара соңында "Дін тәрбиенің рухани діңгегі" атты кітап көрмесімен таныстырылды. Қамтылған оқырман: 35