Ұлттық қор – балаларға❗️

Ұлттық қор – балаларға❗️

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Оған сәйкес, барлық балаларға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. 

 Балалар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары (бұдан әрі - НЖШ) ашылады. Бұл шоттан ақшаны тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады. 

 БЖЗҚ жоба операторы болып айқындалды. БЖЗҚ міндеті – нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру. 

БЖЗҚ 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) алады. Бір балаға арналған мақсатты талаптардың сомасы осы мәліметтер негізінде есептеледі. 

 Баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинеттен ала алады. Бағдарлама бойынша жасалатын есептер де enpf.kz сайтына орналастырылатын болады. 

 Жинақтарды пайдалану үшін бала БЖЗҚ-мен шартқа отыратын уәкілетті оператор-банктерге ("Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер) жүгіне алады. 

 Барлық талаптар мен жинақтар АҚШ долларымен есептеледі.