hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында жаңа қызмет пайда болды: электронды еңбек шартына қол қою

hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында жаңа қызмет пайда болды: электронды еңбек шартына қол қою

hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында жаңа қызмет пайда болды: электронды еңбек шартына қол қою.

Жұмыс берушілер ыңғайлы конструкторды қолдана отырып келісімшарт жобасын жасай алады немесе жеке келісімшарт үлгісін жүктей алады. Еңбек шартының дайын болғаны туралы хабарлама жұмыскердің порталдағы жеке кабинетіне немесе Enbek HR мобилді қосымшасына жіберіледі.Екі тарап EGOV Mobile және eGov Mobile Business қосымшалары арқылы ЭЦҚ немесе QR-қолтаңбаны пайдалана отырып келісімшартқа қол қояды. Жұмыс беруші келісім шартқа қол қойғаннан кейін, келісім шарт автоматты түрде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеледі.

Жасалған электрондық еңбек шартын қарау және жүктеу порталда және Enbek HR мобильді қосымшасында жұмыс берушіге де, қызметкерге де қолжетімді. Электрондық құжаттан QR-кодты сканерлеу арқылы келісім шарттың түпнұсқалығын тексеруге болады.Заключение электронных трудовых договоров на HR Enbek