Ауылдық округ әкімдерінің есептері

Ауылдық округ әкімдерінің есептері

Облыс әкімі бекіткен "Аудан әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кестесіне" сәйкес,18.01.2021 ж. Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы С. Е. Аманбаев Көктөбе, Көктау және Аққұдық ауылдық округтерінің әкімдернің есептерінде, сондай - ақ Хромтау ауданының әкімі Н. С. Алдияровтың "Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер туралы" есебіне қатысты. Ауыл тұрғындарымен кездесулерде басқарма басшысы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша облыстағы жағдай, еңбек заңнамасының сақталуы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары туралы хабардар етті. Электрондық еңбек келісімшарттарын енгізу механизмі және жұмыс берушілердің құқықтық жауапкершілігі туралы толығырақ түсіндірді. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.