Салтанатты жиналыс

Салтанатты жиналыс

Жаңа 2021 жыл қарсаңында, 31 Желтоқсанда "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ ұжымында салтанатты жиналыс өткізілді. Салтанатты шарада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен қызметтік міндеттерін сапалы орындағаны үшін Басқарманың жекелеген қызметкерлері марапатталды. Басқарма басшысы А.Б. Қасенова "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды, Ауезов А. Т. және Жұмалы А. М. Министрліктің Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің "Алғыс Хат" грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, басқарманың еңбек ардагері И.Жанбаев Министрліктің " Еңбек ардагері" ведомстволық медалімен марапатталды. Жылдың әлеуметтік-еңбек саласының жақсы көрсеткіштерімен сәтті аяқталғаны үшін басқарма қызметкерлеріне сыйлықақы берілді.