
Жұмыссыз қалу – адам өміріндегі күрделі кезеңдердің бірі. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетілетінін білу маңызды.
Қазақстанда азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Олардың қатарында жұмыс іздеуге көмек көрсету, кәсіптік оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, сондай-ақ тиісті құқығы болған жағдайда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бар.
Алғашқы қадам – жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Мұны тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына жүгіну арқылы, электрондық үкімет порталы немесе Enbek.kz порталы арқылы жасауға болады.
Тіркелгеннен кейін Мансап орталығы азаматтың кәсібін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін, қалаған жалақы деңгейін және басқа да талаптарын ескере отырып, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады.
Егер әзірге лайықты жұмыс табылмаса, азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларына жолданады. Олардың қатарында жаңа мамандық алу үшін кәсіптік оқудан өту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу, сондай-ақ жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару қарастырылған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті құқығы бар азаматтарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем көзделген. Пилоттық жоба аясында 2026 жылғы 1 қазаннан бастап ол ең ұзақ дегенде үш ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
▶️ Жұмыс іздеу жолындағы әр қадам мен мемлекет ұсынатын қолдау шараларын қалай пайдалануға болатыны жөнінде толығырақ бейнематериалдан біле аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DdBgWrWji51/?img_index=2