Алға ауданында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті

Алға ауданында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері — еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Касенова Анара Бауржановна, аталған бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабековна, аудан әкімінің орынбасары Есенаманов Әкімжан Еркенұлы және аудан жұмыс берушілерінің қатысуымен жиын өтті. Жиналыс барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) мәліметтерді енгізу тәртібі, ЕСУТД жүйесінде еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) болмауына байланысты анықталған сәйкессіздіктер, ұжымдық шартты жасау және қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ квота талаптарының орындалу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар балалардың еңбек құқықтарын сақтау, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жоспарларын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.