Алға ауданында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Алға ауданында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 01 шілдесінде Алға ауданында жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы А.Касенова және талдау бөлімінің бас маманы Л.Есалиеваның қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне мәліметтерді енгізу тәртібі, Кәсіпорын бойынша ЕСУТД жүйесінде еңбек шартының және міндетті зейнетақы жарналарының болмауына байланысты сәйкессіздіктер, ұжымдық шарттарды жасау тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, квота талаптарының орындалу, ҚР-дағы балалар еңбегі, еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар ұсынылды.Кездесу соңы жеке қабылдаумен жалғасты. тақырып керек