
Жиын барысында еңбек тәуекелдері картасына енгізілген ұйымдардағы ахуал, қаладағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының жай-күйі, сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар қаралды. Сонымен қатар, ұйымдарда электрондық еңбек шарттарын енгізу барысы талқыланды.
Кездесу барысында еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.