Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай жиналыс өткізілді.

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиналыс өтті.
Департамент басшысының м.а. А. Касенова ұжым мүшелерін мемлекеттік мерекемен құттықтады. Жиналыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Департамент басшысы мемлекеттік рәміздердің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары екенін атап өтіп, Ту, Елтаңба және Әнұранға құрметпен қарау әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол ұжым қызметкерлеріне ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби жетістіктер тіледі.
Жиналыс барысында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы айтылып, олардың қоғамдағы патриоттық рухты қалыптастырудағы ерекше рөлі атап өтілді.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара ұжымның елге деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды.