Алға ауданындағы «AqtobeCem» кәсіпорнында еңбек заңнамасы бойынша семинар өтті

Алға ауданындағы «AqtobeCem» кәсіпорнында еңбек заңнамасы бойынша семинар өтті

Облыстың еңбек ұжымдары арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру шаралары аясында Департаменттің бас маманы Есалиева Л.Б. 2026 жылғы 25 мамырда Алға ауданының «Мансап» мансап орталығы филиалымен бірлесіп, Алға ауданында жаңадан ашылған «AqtobeCem» өндірістік кәсіпорнында семинар өткізді. Семинар жұмысына аталған кәсіпорынның құрылысында жұмыс істеп жатқан мердігер ұйымдар да қатысты.
Есалиева Л.Б. кездесу қатысушыларына жұмыс берушілердің міндеттерін сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігінің негізгі ережелерін, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарын қорғауға қатысты құқықтары туралы ақпаратты жеткізді.
Қатысушылар еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу, еңбекақы төлеу және жұмыс уақыты режимі мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.