Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен әлеумсеттік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырыс өтті

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен әлеумсеттік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырыс өтті

2026 жылғы 6 мамырда Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында «Ақтөбе Мұнай Маш Комплект» ЖШС-де ұжымдық шарт жасасу барысы және оның орындалуы, сондай-ақ «Gas Processing Company» ЖШС-дегі еңбек тәуекелдері мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының м.а. Талғат Искарин және аталған кәсіпорындардың өкілдері баяндама жасады.

Жиынға комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Комиссия төрағасы көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу және кәсіподақтар арқылы алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтіп, аталған мәселелерді шешуге нақты тапсырмалар берді.