
Ақтөбе облысында Республикада алғаш рет еңбек инспекциясы жанынан медиация кабинеті ашылады. Бұл бастама еңбек дауларының алдын алуға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және дауларды сотқа дейін, өзара келісім арқылы шешуге бағытталған. ✍️ Меморандумға қол қойғандар: — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы — Облыстық кәсіподақтар орталығы — Халықаралық құқық қорғау орталығының филиалы 💬 Талғат Искарин: Республикада алғаш рет еңбек инспекциясы жанынан Медиация кабинеті ашылады. Бұл бастама еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған. Бұл мемлекеттік огандардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тиімді жұмыс істеуін күшейтеді». 💬 Руслан Куйшинов, ӨКП директорының орынбасары: «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және дауларды сотқа дейін реттеу — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Палатада бизнес дауларын шешуде медиация тетігі тиімділігін дәлелдеді. Енді осы тәжірибені еңбек қатынастарына енгізіп отырмыз». 💬 Арман Жылгелді: «Бұл формат шағымдардың санын азайтып, тараптардың өзара түсіністікке келуіне мүмкіндік береді». 💬 Кенжебай Избасар: «Медиация кабинеті — жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы мәселелерді өршітпей шешетін тиімді алаң». 📌Меморандум аясында: — түсіндіру жұмыстары — дөңгелек үстелдер мен оқыту — құқықтық сауаттылықты арттыру 🔹 Бұл тетік дауларды жедел шешіп қана қоймай, өңірдің іскерлік ахуалын нығайтуға ықпал етеді.