
2026 жылдың 06 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы А.С.Боранкулов «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-де орын алған жазатайым оқиға бойынша арнай тергеп-тексеру жұмыстарын жүрізді. Тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында комиссия мүшелерімен зардап шегуші мен жауапты тұлғалардан түсініктеме мен қажетті материалдарын жинақтады. Комиссиямен жинақталған материалдардың негізінде жазатайым оқиғаның орын алу себептері анықталып, қорытынды акт қабылданатын болады. Комиссиямен қабылданған актінің қорытындысы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабынан сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысының полиция департаментіне жолданатын болады.