
2026 жылғы 1 сәуірінде Департаменттің бас мамандары Есалиева Л.Б., Боранқұлов А.С. өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен семинарға қатысты.
Есалиева Л.Б. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы Кодекстің 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) енгізуге міндетті екенін түсіндірді.
Боранқұлов А.С. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін хабарлады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың мақсаты – еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдері арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Аталған сақтандыру түрі ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті болып табылады.
Кездесу диалог форматында өтті, оның барысында Департамент мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.