Бірыңғай жүйеге мәлімет енгізу жұмыс берушінің міндеті

Бірыңғай жүйеге мәлімет енгізу жұмыс берушінің міндеті

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті РММ-нің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Л. Есалиева Әйтеке би ауданының «Жаңалық жаршысы» қоғамдық-саяси газетінде еңбек қатынастарын цифрландырудың маңыздылығы туралы мақала жариялады.
Мақалада еңбек қатынастарын цифрландыру – қазіргі кезеңнің маңызды бағыты екені атап өтілді. Бірыңғай жүйеге мәліметтерді уақтылы және дұрыс енгізу – жұмыс берушінің негізгі міндеті екені түсіндірілді. Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.