Ақтөбе қаласының білім бөлімінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе қаласының білім бөлімінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М. Шманов жоспрадан тыс тексеру барысында, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, ҚР еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің қойған сұрақтарына толық жауаптар берілді. Еңбек заңнамасының негіздері бойынша құқықтық оқыту шеңберінде Департаменттің түсіндіру жұмыстары жалғасуда