
Департаментпен 2026 жылдың 16 ақпанында «Гамма Жихаз» ЖШС-нің қызметкерлері А.Ғ.Дәулен және А.Г.Дауленовамен орын алған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құрған болатын.
Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында сатушы кеңесшілер тауарларды сөрелерге жинастыру кезінде, сөреде жиналған тауарлары үстеріне құлап, ауыр дене жарақттарын алғандығы анықталды.
Қазіргі таңда комиссия мүшелерімен зардап шегушілер мен жауапты тұлғалардан түсініктеме мен қажетті материалдарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Комиссиямен жинақталған материалдардың негізінде жазатайым оқиғаның орын алу себептері анықталып, қорытынды акт қабылданатын болады.
Комиссиямен қабылданған актінің қорытындысы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабынан сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысының полиция департаментіне жолданатын болады. Сонымен қатар, жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, еңбекте кемсітушіліктер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.