Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ сталкингке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ сталкингке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 3 наурызында «Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектепте» Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М. Саганаев Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және еңбекте кемсітушіліктің алдын алу бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын және хабардарлығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.