2026 жылғы қаңтар айындағы Ақтөбе облысындағы өндірістік жарақаттану жағдайы туралы ақпарат

2026 жылғы қаңтар айындағы Ақтөбе облысындағы өндірістік жарақаттану жағдайы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар айында облыс кәсіпорындарында өндіріске байланысты 10 жазатайым оқиға тіркелді.

Тіркелген барлық оқиғалар ауыр зардаппен аяқталған жазатайым оқиғалар санатына жатады. Қайғылы (өліммен аяқталған) жағдайлар тіркелген жоқ.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, жұмыс берушілер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ өндірістік процестердің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы болып отыр.

Әрбір жазатайым оқиға бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Департамент жұмыс берушілерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби тәуекелдерді бағалау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды қабылдау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.