Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға арналған маңызды ақпарат

Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға арналған маңызды ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 17-бабына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші кәсіби тәуекелдерді бағалауды жүргізуге және профилактикалық іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оларды барынша азайту және жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 51-3) тармақшасына сәйкес кәсіби тәуекелді бағалау — тәуекелдерді сәйкестендіру туралы ақпаратты, ұйымдағы кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттану бойынша статистикалық деректерді, сондай-ақ қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді талдау негізінде кәсіби тәуекел дәрежесін айқындау болып табылады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер кәсіби тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырып, оларды жүйелі басқаруды қамтамасыз етуі қажет.

Жұмыс беруші МІНДЕТТІ:
✔ кәсіби тәуекелдерді бағалауды жүргізуге
✔ оларды барынша азайту және жою жөнінде шаралар қабылдауға
✔ алдын алу шараларын енгізуге
✔ жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыруға

Кәсіби тәуекелді бағалау — бұл талдау:
▪ анықталған тәуекелдер
▪ өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар статистикасы
▪ қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі

Барлық жұмыс берушілерден кәсіби тәуекелдерді бағалауды қамтамасыз етуді және оларды тиімді басқаруды ұйымдастыруды сұраймыз.

Еңбек қауіпсіздігі — әрбір жұмыс берушінің жауапкершілігі.