ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева 17–22 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғау және еңбек инспекциясы саласындағы реттеу және бақылау комитеттерінің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында ол мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараларға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің өкілдері қатысып, адалдық, шыншылдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланған қызмет көрсету қағидаттарын терең түсінуге ықпал ететін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өркен Алшынбаева қызметтік этика нормаларына, олардың тәжірибеде қолданылу ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімін нығайтуда этикалық стандарттарды сақтаудың маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметшілердің қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға, соның ішінде құмар ойындарға қатысуға жол берілмейтінін ескертті.