«Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кездесу

«Парыз»  жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кездесу

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы  комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын және 2025 жылғы 25 шілдедегі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ертаевтың төрағалығымен өткен жиналыс хаттамасын орындау мақсатында  ағымдағы жылдың 31 шілдесінде «Парыз»  жұмыс берушілер конфедерациясымен, заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кездесу өткізілді.

Аталған кездесуде Департамент басшысы Департаменттің қызметі туралы және жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталған шараға «Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары          І.К. Кенжебай, «Қазақстан базарларының, сауда кәсіпорындарының және қызметтер саласының қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің Ақтөбе филиалының директоры, «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Жұмыс берушілер конфедерациясының өкілі Д.А. Довматенко, «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы А.С. Бердыбекова, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Р.Т Бисенов қатысып, өз қызметтері жайында сөз қозғап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау бойынша мәселелер талқыланды.