"Атамекен" Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтау тақырыбында семинар

"Атамекен"  Өңірлік  Кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтау  тақырыбында семинар

Ақтөбе облысының "Атамекен" Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының шақыруымен Департаменттің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің бас маманы Л.Б.Есалиева "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Кәсіпкерлер Палатасының алаңында өткізілген "Бос орындар Жәрмеңкесіне" қатысты.

         «Жәрмеңкеге» шағын және орта бизнестен бастап ірі сектор өкілдеріне дейін 37 компания мен кәсіпорын қатысты. Көлік-логистикалық компаниялар, дамыту және білім беру орталықтары, тігін ательелері, медициналық клиникалар, құрылыс материалдары мен металл конструкцияларын өндірушілер қатысты.

         Аталған іс-шара барысында Л. Б. Есалиева "Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтау" тақырыбында семинар өткізді.

         Кәсіпкерлер палатасының басшылығы осы іс-шараға қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін Департаментке алғысын білдірді.