Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртуған Уралбаев Ақтөбеде өтіп жатқан «MinTech-АқтөбеМұнайХим 2023» халықаралық көрмесіне қатысып, шара қатысушыларымен кездесті. «MinTech-АктобеНефтеХим» - шетелдік өндірушілердің тау-кен, металлургия, энергетика, мұнай химиясы және газ өнеркәсібінің отандық кәсіпорындары мамандарымен тәжірибе және өзекті ақпараттармен алмасуға арналған кездесетін орны. Ақтөбе облысы сияқты ірі өнеркәсіптік аймақта Халықаралық мамандандырылған салалық көрмелерді өткізу көрме қатысушыларына облыстың кәсіпорындарымен және сол жерлерде олардың технологиялық мәселелерімен тікелей танысуына бірегей мүмкіндік береді, ал әр кәсіпорынның барлық деңгейдегі мамандары жетекші шетелдік компаниялардың технологиялары мен жабдықтары саласындағы соңғы әзірлемелерімен аймақтан алыс сапарға шықпай-ақ таныса алады.Германия, Түркия, Ресей, Беларусь елінен және Қазақстаннан келген 60-тан аса компания, сондай-ақ шетелдік компаниялардың өкілдіктері - осы көрменің қатысушылары.Ақтөбеде көрмеде аймақтық экспорт орталықтарының қолдауымен тұңғыш рет Мәскеу, Орынбор және Омбы облыстарының ұжымдық экспозициялары қойылған.