Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Индустриялық аймақты дамыту бойынша кеңес өтті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Индустриялық аймақты дамыту бойынша кеңес өтті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Индустриялық аймақты дамыту бойынша кеңес өтті, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі жобаларын белсенді тарту, Индустриялық аймақты кеңейту, газ және электрмен жабдықтауға, темір жолдарды пайдалануға арналған тарифтерінің мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда «Ақтөбе» Индустриялық аймағында химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, логистика, шиналарды қайта өңдеу және реставрациялау, ақпараттық технологиялар салаларында жалпы сомасы 29,5 млрд.теңгеге 755 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жоба іске асырылды.

Алдағы жылдары 1 143 жұмыс орны бар жалпы инвестиция көлемі 234,1 млрд.теңге құрайтын 15 жоба теміржол дөңгелектерін, химикаттарды, картон-қағаз өнімдерін, құрылыс материалдарын, мал азығын және т. б. өндіретін экономиканың басым секторларында іске қосу жоспарланған.

Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы өңдеу өнеркәсібі – қосылған жоғарғы құнды тауарларды өндіретін және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, экономиканың өсуінің негізгі драйвері болып табылады атап өтті. Облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Индустриялық аймақ резиденттерінің проблемалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөнінде тапсырмалар берді.