Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментімен бірлесіп 2022 жылға арналған "Инновациялық қызмет туралы есеп" 1-инновация нысаны бойынша статистикалық есептілікті толтыру бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға өңірдің 30-ға жуық кәсіпорындары мен мекемелері қатысты. Іс – шараның басты мақсаты-өңірдегі кәсіпорындардың инновациялық қызметінің үлесін және инновациялық белсенділік деңгейін жалпыұлттық рейтингте арттыру.