Облыс әкімі «Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС-нің зауытында болды.

Облыс әкімі «Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС-нің  зауытында болды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімі «Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС-нің «Ақтөбе» индустриалды аймағында орналасқан керамикалық гранит пен керамикалық тақтай шығаратын зауытында болды.
«Қазіргі таңда өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды, зауыт өз қуаттылығының жартысында жұмыс жасайды. Өнімдерін сату басталды, 50 пайызына дейін Ресейге экспорттау жоспарда бар. Шикізаттың жартысы – жергілікті. Бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Келесі жылы наурыз айында екінші кезеңі жүзеге асырылып, зауыт толықтай іске қосылғанда қызметкерлері шамамен 120 адамға көбейеді»,- дейді өндіріс директоры Ерлан Тілеуқабылов.
Облыс әкімі құзырлы органдарға импорт алмастыруды және экспорттық тауарларды өндіруді мақсат еткен кәсіпорындарға жан жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
О.Оразалин: «Біз осындай кәсіпорындарды көбейтуге жұмыстануымыз керек. Сол үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау бар, мемлекеттік бағдарламалар бар»,- деп атап өтті.
«Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС зауытын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салған. Жылына 5 млн м2 өнім шығаратын кәсіпорында Италиядан әкелінген алдыңғы қатарлы жабдық орнатылған. Жобаға құйылған инвестицияның жалпы көлемі - 9,2 млрд. теңге.