Облыс әкімі Өзбекста­нның Қазақстандағы елшісімен кездесті.

Облыс әкімі Өзбекста­нның Қазақстандағы елшісімен кездесті.

2021 жылғы 24 мамырында Ақтөбе облысының әкімі О.С. Оразалин Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі С. П. Ниязходжаевпен кездесті.

Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша стратегиялық жоспарлар талқыланды:

- ауыл шаруашылығы және машина жасау салаларында, фармацевтика саласында және тігін және трикотаж бұйымдарын өндіру саласында екі жақты қатынастарды дамыту;

-көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық;

- жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өндірістерді енгізу саласында отандық мамандармен тәжірибе алмасу;

- Ақтөбе облысында іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларда.

Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 қарашада орнатылды.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өзбек капиталының қатысуымен құрылыс, көлік қызметтері, биотехнология, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда және т. б. салаларда маманданған 31 кәсіпорын тіркелген. Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара сауда өсімінің оң серпіні байқалады, ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша 26,7 млн. АҚШ доллары, 2021 жылғы 1 тоқсанда-29,3 млн.АҚШ.