Біз таза қала үшін!

Біз таза қала үшін!

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің мамандары қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбілікке қатысты. Біздің қаламыздағы сенбілік (312 атқыштар дивизиясы даңғылы) көше жолдары жиектерін пластикалық, шыны және алюминий бөтелкелерден, сондай-ақ пластикалық ыдыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акция аясында сенбілікке қатысушылар 25 текше метр қоқыс жинады. Акцияның мақсаты-еліміздің халқын біріктіру, адамдардың тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту болды.
       Достар, барлық тұрғындарды белсенділік танытып, қаланың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза қала өзімізден басталатынын ұмытпайық!