Биыл Ақтөбе облысына 801 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Биыл Ақтөбе облысына 801 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Биыл Ақтөбе облысына 801 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құдайбергенов мәлімдеді.
Оның сөзінше 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 114,6 млрд.тг. инвестиция тартылып, физикалық көлем индексі 119,3% құраған.
«Осы жылы инвестиция көлемі 801 млрд.теңгені құрайтын болады. Биыл 600 жұмыс орнын құра отыра 54,2 млрд.теңгеге он жоба пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ірі жобалардың ішінде «ЭкоТехПрогресс» ЖШС-нің құны 15 млрд. тг. болатын зиянды мұнай қалдықтарын қайта өңдеу зауыты, «Global Service Company» ЖШС-нің құны 3,7 млрд. тг. болатын диализатор өндіру зауыты және т.б. бар»,- деп атап өтті спикер.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіптің физикалық көлем индексі 107,3% немесе 267,1 млрд теңгені құрады.
«Ақтөбе» индустриалды аймағында 1467 жұмыс орнын аша отыра 43,7 млрд. теңгеге 28 жоба жүзеге асырылып жатыр, құны 6,2 млрд. теңге тұратын жеті жоба аяқталды. 2021 жылы «Ақтөбе» индустриалды аймағында 21,8 млрд. теңгенің бес жобасы 315 жұмыс орнын аша отыра іске қосылатын болады.
«Жалпы алғанда, 2021-2025 жылдары 5,5 трлн.тг. тарту жоспарда бар. Осы мақсатта 2,7 трлн. теңгенің 145 жобасынан пул құрылды. Олардың ішіндегі ірілері қуаттылығы жылына 5 млн. тонна кен болатын «Altyn Ex» АҚ тау-кен – металлургия комбинаты, Қарғалы ауданындағы қуаттылығы жылына 48 МВт болатын екінші кезектегі жел электр стансасының, «ERG» компаниясының қуаттылығы жылына 400 мың тонна болатын қалдықтарды қайта өңдейтін байыту фабрикасы, «Милкер» ЖШС-нің қуаттылығы 30 мың бас болатын сүт-тауарлы фермасы, «Орандж Холдинг» ЖШС-нің аумағы 5 гектар болатын әмбебап жылыжай кешенінің және т.б. құрылысы»,- деп түйіндеді Азамат Құдайбергенов.