Ақтөбе облысында 136,7 млрд теңгенің 23 жобасы жүзеге асырылды.

Ақтөбе облысында 136,7 млрд теңгенің 23 жобасы жүзеге асырылды.

2020 жылы 136,7 млрд теңгеге 23 жоба іске асырылды. Олардың төрттен бір бөлігі жасыл экономикаға тиесілі. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздеріне. Ақтөбе облысында әлемге әйгілі компания жаңартылатын энергия көздері бойынша өзіне ерекше жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Жел электр станцияларының құрылысын "Arm Wind" ЖШС жүргізуде, ірі трансұлттық Eni мұнай-газ компаниясы инвестор болып табылады. Жобаның бірінші кезегі – қуаты 48 МВт және құны 33 млрд теңге болатын "Бадамша" ЖЭС – 2019 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді, станция 2020 жылдың бірінші жартысында жобалық қуатына шықты. Қазір қуаты осындай "Бадамша – 2" ЖЭС екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр. Әрбір ЖЭС 25 жыл ішінде жыл сайын 198 ГВт*сағ электр энергиясын өндіретін болады. Бұл сан, мысалы, 40 мың адам тұратын қала үшін жеткілікті. 2021 жылы өңірде диализаторлар шығаратын зауыт салу және піспеген қоңыр көмірден тыңайтқыштар өндірісін іске қосу жоспарлануда, деді іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне берген сұхбатында Kapital.kz облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иран Шархан. Сондай-ақ, ол Түркияның Gebze өнеркәсіптік аймағы мен "Ақтөбе" ӘКК инудустриалдық парк салу бойынша бірлескен жобасын іске асыру қандай сатыда екенін түсіндірді.